Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 35
Наурыз мерекесі
17
наурыз
2023
Наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы күніне орай 1 "Ә" сыныбында Наурыз мерекесіне арналған сынып сағаты мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Айгүль Тайировна
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ
17
наурыз
2023
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай “Қош келдің әз-Наурыз” атты мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді.Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Кеш барысында оқушыларымыз әртүрлі өнерлерін паш етті.  Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!
16
наурыз
2023
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!
Наурыз - жаңа жылдың бастауы болған ай. Мерекеге орай мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар "Нұр себеле ұлыстың ұлы күні" атты концерт қойды. Белсене қатысқан оқушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Қош келдің әз-Наурыз!
15
наурыз
2023
Қош келдің әз-Наурыз!
Наурыз - жаңа жылдың бастауы болған ай. Мерекеге орай 1 "Ә", "Б" сыныптарында "Қош келдің әз-Наурыз" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері: 1 "Ә" Айгуль Тайировна 1 "Б" - Елена Дмитриевна Жаңа жылдың бастауы болған Наурыз мерекесі жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық алып келсін. Еліміздің керегесі кең болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт пен береке салтанат құра берсін!
"Абай жолы" роман-эпопеясы
14
наурыз
2023
"Абай жолы" роман-эпопеясы
“Абай жолы” роман-эпопеясы   “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектебімізде “қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінің мұғалімі Қазықбаева Г. М - ның ұйымдастыруымен, 11 "А", "Ә" сынып оқушыларының қатысуымен М.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпепеясынан көрініс қойылды. Басты мақсаты - Абайдың жүріп өткен жолын сезіне білу және роман-эпопеядан алған әсерлері мен білімдерін оқушылардың жүректеріне сіңіре отырып жеткізу. Романда кездескен ұлттық және тарихи құндылықтарды бойына сіңіріп, кейіпкерлердің
ІІМ қызметкерімен өткен кездесу
14
наурыз
2023
ІІМ қызметкерімен өткен кездесу
ІІМ Алматы академиясының аға оқытушысы, полиция подполковнигі 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдауға қатысты мәліметтер берілді.
Емхана қызметкерлерімен кездесу
10
наурыз
2023
Емхана қызметкерлерімен кездесу
Алматы қаласы, Алатау ауданы, №14 қалалық емхана балалар мен ересек тұрғындарға көпсалалы мамандандырылған алғашкы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме болып табылады. Емхана қызметкерлері мектеп оқушыларына "салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану" тақырыптарында дәріс оқып, кеңес берді.
"Ана деген тіршіліктің тірегі"
07
наурыз
2023
"Ана деген тіршіліктің тірегі"
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебімізде “Ана деген тіршіліктің тірегі” атты мерекелік кеш өтті. Өнерпаз оқушыларымыз әр түрлі өнерлерін ұстаздар мен барлық қыздар қауымына паш етті.  Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!
"Арулар - асыл жандар"
07
наурыз
2023
"Арулар - асыл жандар"
8-наурыз нәзік жанды арулар мерекесіне орай мектебімізде "Арулар - асыл жандар" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қымбатты арулар! Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй мен шат күлкі тілейміз! Барлық тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! Дорогие женщины! Поздравляем Вас с Международным женским днем 8 Марта! Желаем счастья и добра, богатства и удачи, весеннего настроения и счастливых