"Жаңа жылда - жаңа жыр"
Мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында "Жаңа жылда - жаңа жыр" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке қатысқан мектебіміздің барлық белсенді оқушыларына алғыс білдіреміз. Қош келдің жаңа жыл! «Жаңа жылда – жаңа жыр» Жүргізуші 1: Қош келдің жаңа жыл! Жаңа жылда жаңа жыр Зәулім, биік шыршама, Төгілсінші жаңа нұр. (Шыршаға жарық беріледі) Жүргізуші 2: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге-біріміз тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық!