"Шахматтан мектепішілік челлендж өткізілді" »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шахматтан мектепішілік челлендж өткізілді"
12
сәуір
2023

"Шахматтан мектепішілік челлендж өткізілді"

Шахмат - зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын танымал спорт түрі. Мектебімізде шахматтан челлендж өткізілді.

Мақсаты: шахмат арқылы балалардың зияткерлік және
ақыл -ой қабілетін дамыту.

ЖОБА

Шахматтан  республикалық челлендж өткізу 

КОНЦЕПЦИЯСЫ


Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.

Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық   ойлау, шешім қабылдау,  стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.

Биыл елімізде тұңғыш рет 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Сонымен қатар, республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Солардың бірі - оқушылар мен студент жастардың арасында шахмат челленджі. 

2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде шахмат ойыны басталады.

Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.

Шахмат челленджі жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдердің, педагогтердің арасында аталмыш спорт түрінің бұқаралық сипатта дамығанын, жарқын  жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция.

Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.   

           Челлендждің міндеттері: 

         - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.

балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.

Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту  министрлігі.

Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.

Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері.

Реквизиттер: үстелдер, орындықтар, шахмат, шахмат сағаттары.

Ойын шарттары:

Ойын  ФИДЕ ережелеріне сәйкес өтеді. Екі команда арасындағы жарыс түрінде болады: бірі - білім алушылар, екіншісі - педагогтер. Ойын рапид уақытымен өтеді.  Ойын барысында жеңіске 2 ұпай, ұтылса  0 ұпай, тең ойынға - 1 ұпай беріледі. Әр тақтаның нәтижелері бойынша жеңімпаздар тобы анықталады.

Өткізілетін орын: республиканың барлық жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

Өтетін күні: 2023 жылғы 12 сәуір.

Басталуы: сағат 12.00  (барлық аймақтарда бір уақытта басталады).

Әрбір білім беру ұйымы челленджге қатысушылардың киімдерін дербес анықтайды.

Челленджбойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау жүргізіледі.