Пікірсайыс алаңы
Жоспарға сәйкес “Өрлеу”, “Даму” фракцияларының арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс АПФ( Америкалық Парламенттік формат) форматында жүзеге асты. Қарар: Қазақстанға атом энергетикасы қажет пе? Оқушыларымыз өз ойларын ортаға салып, пікірсайыс тартысты өтті. 8 “А” сынып оқушысы - Абдували Али “ҮЗДІК СПИКЕР” номинациясына ие болды. Пікірсайыс - білім алушыларға кез келген тақырыпта ой алмасуға, өз позициялары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.