Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
"Сейсможаттығу - қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру сабағы өтті.
04
маусым
2026
"Сейсможаттығу - қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру сабағы өтті.
“Сейсможаттығу – қауіпсіздік” тақырыбында түсіндіру сабағы өтті. ЖазLife лагерь оқушыларына төтенше жағдайлар кезінде, әсіресе жер сілкінісі болғанда қалай дұрыс әрекет ету керектігі түсіндірілді 🌍 Сабақ барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, өздерін қалай қорғау керектігін үйренді. Сонымен қатар, практикалық мысалдар арқылы білімдерін бекітті 🚨 Мұндай сабақтар оқушылардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, кез келген жағдайға дайын болуына көмектеседі 💪
Конституция - мемлекетіміздің негізгі заңы
03
маусым
2026
Конституция - мемлекетіміздің негізгі заңы
📚 Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ЖазLife лагерь оқушылары үшін танымдық әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды 🇰🇿 Балаларға Конституцияның маңызы, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беріліп, түрлі ойындар мен сұрақ-жауап арқылы білімдері нығайтылды. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты 💬✨ Осындай тағылымы мол кездесулер арқылы жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру – біздің басты мақсатымыз!
"Достық" лагерінің ашылуында.
02
маусым
2026
"Достық" лагерінің ашылуында.
"ЖазLife" жазғы лагер оқушылары №1 Оқушылар үйінің "Достық" лагерінің ашылуында болды.
1 - маусым балалар қорғау күні!
01
маусым
2026
1 - маусым балалар қорғау күні!
✨ 1 маусым - Балалар қорғау күні!  Жаздың ең жарқын сәттері басталды! Бүгін біздің жазғы лагерь өз есігін айқара ашты 🌿☀️ Балалардың күлкісі, жаңа достар, қызықты ойындар мен ұмытылмас эмоциялар — бәрі осы жерде! Алда бізді: 🌈 көңілді жарыстар 🎨 шығармашылық сабақтар 🏕️ қызықты ойындар мен серуендер күтіп тұр! Бұл жаз әр бала үшін ерекше естелікке айналады 💛 📍 Бізбен бірге бол — ең керемет жазды бірге өткізейік!
"Білімім-Отаныма!" атты соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өтті
25
мамыр
2026
"Білімім-Отаныма!" атты соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өтті
«Білімім – Отаныма!» Бүгін мектебімізде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн – түлектер үшін жаңа өмірге бастар қадам, арман мен мақсатқа жол ашар ерекше сәт. Білім – болашақтың кілті, ал тәрбие – сол болашақтың негізі. Бүгінгі түлектер – ертеңгі ел тірегі! Қымбатты түлектер, ақ жол! Алған білімдеріңіз Отаныңызға қызмет етсін! ✨
"Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты тақырыпта көрме өткізілді.
21
мамыр
2026
"Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты тақырыпта көрме
"Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты тақырыпта көрме өткізілді.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары өткізілді.
19
мамыр
2026
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының қатысуымен түсіндіру
Мектебімізде төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Мамандар өмірлік маңызды ақпараттармен бөлісіп, түрлі жағдайларда өз-өзін қалай қорғау керектігін көрсетті. Осындай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
"15 мамыр-Отбасы күні" құтты болсын!
15
мамыр
2026
"15 мамыр-Отбасы күні" құтты болсын!
15 мамыр — Халықаралық отбасы күні құтты болсын!🤍 Отбасы — әр адамның ең үлкен тірегі, шынайы бақыты. Қасында қолдайтын, түсінетін, қандай жағдай болса да жанынан табылатын жандар — ең қымбат байлық. Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз!  Әр шаңыраққа бақыт, береке және махаббат тілейміз 🫶
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 51 Вперед