Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 34
"Бояулар құпиясы"
07
сәуір
2023
"Бояулар құпиясы"
Мектебімізде Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған "Бояулар құпиясы" АРТ - байқауы өткізілді.  Мақсаты: балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылығын танымал ету. Балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғалармен таныстыру.
"Kitap-Qazyna" оқырмандар клубы өз жұмысын бастады
06
сәуір
2023
"Kitap-Qazyna" оқырмандар клубы өз жұмысын бастады
"Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге" (c)  Абай Құнанбайұлы Мектебімізде "Kitap-Qazyna" оқырмандар клубы өз жұмысын бастады. Оқырмандар алғашқы кездесуде  Шерхан Мұртазаның "Дәрігердің үшінші қаруы" кітабын талдап, алған әсерлерімен бөлісті.  Түйін: Әрдайым - жақсы сөз сөйлеу;  - ауру келмей тұрып, денсаулықтың қадірін білу;  - дені сау адамның басында "тәж" болатынын ұмытпау;. 
"Бейбарыс сұлтанның ерлігі"
05
сәуір
2023
"Бейбарыс сұлтанның ерлігі"
Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай мектебімізде "Бейбарыс сұлтанның ерлігі" тақырында бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. 
"Менің мектептегі бір күнім"
04
сәуір
2023
"Менің мектептегі бір күнім"
Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Мектептегі бір күн" атты челлендж өткізілді. Челленджді "Мектеп парламенті (МП)" ұйымының белді мүшесі, 8 "А" сынып оқушысы Абдували Али аудан мектептерінің оқушыларына жолдайды. Сынып жетекшісі: Қарлығаш Абайқызы Мектеп парламенті ұйымының жетекшісі: Белғожаев Ерасыл Мақсаты: "Бастамашыл балаларды анықтау, виртуалды танысу және жұмыс тәжірибесімен алмасу"
"Наурыз шуағы"
03
сәуір
2023
"Наурыз шуағы"
“НАУРЫЗ ШУАҒЫ”  №82 жалпы білім беретін мектепте Наурыз мерекесіне орай 1-4 сыныптар арасында “Наурыз шуағы” тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Картиналар түрлі форматта жасалған. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі, эпикалық, тарихи сәттері бейнеленген.  Мақсаты: бейнелеу өнеріне көпшіліктің қызығушылығын тудыру, өскелең ұрпақтың өнер саласына көзқарасын кеңейту және жас өнер шеберлерін анықтау, қолдау болып табылады.
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы болып өтті
28
наурыз
2023
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы болып өтті
Алматы қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Х.Қ. Әжіғұлованың, "Сенімен болашақ" бірлестігі өкілдерінің және басқа да мүдделі органдардағы қызметкерлердің қатысуымен жалпықалалық ата-аналар жиналысы болып өтті. 
Дебат
27
наурыз
2023
Дебат
Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын - дебат. №82 ЖББ мектебінің “Даму” дебат клубында 7-8 сыныптар арасында кезекті дебат ойыны өтті. Мақсаты: оқушылардың жеке пікірін қалыптастыру, ойын ашық айтуға, көзқарасын анық жеткізуге, ұстанымын қорғай білуге үйрете отырып жеке тұлға қалыптастыру. Ойын АПФ(Американдық Парламенттік форматында) өтті. Оқушылар арасындағы дебат “Адамды иландыратын ережелер” деген тақырып төңірегінде өрбіді. Ойын барысында оқушылар пікір таластырып, өз ойларын
"Оқушыларымыз экскурсияда"
24
наурыз
2023
"Оқушыларымыз экскурсияда"
Мектебіміздің 4”б” сынып оқушылары Гизатуллина Г.А. жетекшілігімен “Mareven” роллтон кеспесін тез дайындайтын кәсіпорнына экскурсияға барып қайтты.
Ұлыстың ұлы күніне арналған көрме
22
наурыз
2023
Ұлыстың ұлы күніне арналған көрме
Ұлыстың ұлы күніне орай, Алатау аудандық білім бөлімінің мектептері 22-наурыз күні Алатау дәстүрлі театрының алдында мерекеге келген қонақтарға арналған көрме ұйымдастырды. Көрмеге мектебіміздің оқушылары мен ұстаздарының үздік деп танылған ұлттық нақыштағы 24 бұйымы қойылды.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс айлығына орай
17
наурыз
2023
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс айлығына орай
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихаттау іс-шаралары  Қазақстан Республикасында "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұранымен өткізілді. Тақырып:  - бомба баспаналары, жарылыс-өрт; - қауіпті объектілер, тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерінде адамдардың жаппай болуы; Үздік макет иегері 6 "А" сынып оқушысы Төлеуғали Айгерім