Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс.
18
желтоқсан
2025

Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс.

     Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында қысқы демалыс қарсаңында, 2025 жылғы 17–30 желтоқсан аралығында, 5–11 сынып оқушыларымен профилактикалық психологиялық тренингтер өткізілді.

Психологиялық қолдау аясында «Менің стресс­тен қорғаным» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты – білім алушылардың стресс деңгейін төмендету, күйзелісті басқару дағдыларын қалыптастыру және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау жолдарын үйрету.

Сабақ барысында оқушылар стресс белгілерін тану, ішкі шиеленісті жеңу және өмірлік қиын жағдайларда ішкі ресурстарды пайдалану жолдарымен танысты. Сонымен қатар маңызды ойға ерекше назар аударылды:
Әрқашан көмектесуге дайын адамдар бар. Сіз жалғыз емессіз.

Білім алушыларға қиын өмірлік жағдайларда жүгінуге болатын қолдау қызметтері туралы ақпарат берілді:
– Отбасы және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы – 111 (тәулік бойы, тегін);
– КММ «Психологиялық қолдау орталығының» сенім телефоны: +7 775 142 8909 (тікелей психологиялық көмек алу үшін).

Тренинг соңында әрбір оқушыға күнделікті өмірде алған білімдерін қолдануға көмектесетін арнайы чек-парақ таратылды.

Өзіңізді күтіңіз және есте сақтаңыз: психологиялық саулыққа қамқорлық жасау – өте маңызды.