5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТРЕНИНГ
5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТРЕНИНГ
Мектептің психологтары Палимбетова Н.О. мен Куртыбаева Б.С. 5-сынып оқушыларымен оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыруға, тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған коррекциялық-дамытушы тренингтер мен дәрістер өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің алдын алу, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ психологиялық жайлы ахуал қалыптастыруға ықпал ету.
Тренинг: «Мен шыдамды әрі өзіме сенімді болуды үйренемін» тақырыбында ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар тренинг жұмыстарына белсенді қатысып, эмоцияларын дұрыс білдірудің бастапқы дағдыларын, сенімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгерді. Тренинг оқушылардың ішкі кернеуін төмендетуге, өзіне деген сенімділігін дамытуға бағытталды.
Аталған іс-шаралар оқушылардың эмоционалдық саулығын нығайтуға, мектеп ортасына сәтті бейімделуіне және жағымды психологиялық климат қалыптастыруға ықпал етті.

