АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРА
АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІС-ШАРА
2025 жылғы 23 қазанда кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары аясында КММ №82 жалпы білім беретін мектептің психологтері Палимбетова Н.О. және Куртыбаева Б.С. тарапынан жеке тұлғаның стресске төзімділігін қалыптастыруға бағытталған тренинг элементтері бар әңгімелер өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қиын өмірлік жағдайларда эмоционалдық күйзелісті жеңу, өзін-өзі реттеу және психологиялық тұрақтылықты арттыру тәсілдері түсіндірілді.
Сонымен қатар барлық білім алушыларға қол жетімді көмек көрсету арналары туралы ақпарат берілді:
– «111» бірыңғай байланыс орталығы;
– КММ «Психологиялық қолдау орталығының» сенім телефоны 📞 +7 775 142 89 09.
Аталған профилактикалық іс-шара оқушылардың психологиялық саулығын сақтауға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
