Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТРЕНИНГ
10
қараша
2025

5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТРЕНИНГ

2025 жылдың 10 қараша күні мектеп психологтары Палимбетова Н.О. мен Куртыбаева Б.С. 5-сынып оқушыларымен оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыруға, тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған коррекциялық-дамытушы тренингтер мен дәрістер өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің алдын алуэмоционалдық тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ психологиялық жайлы ахуал қалыптастыруға ықпал ету.
Тренинг: «Мен шыдамды әрі өзіме сенімді болуды үйренемін» тақырыбында ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар тренинг жұмыстарына белсенді қатысып, эмоцияларын дұрыс білдірудің бастапқы дағдыларынсенімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгерді. Тренинг оқушылардың ішкі кернеуін төмендетугеөзіне деген сенімділігін дамытуға бағытталды.
Аталған іс-шаралар оқушылардың эмоционалдық саулығын нығайтуға, мектеп ортасына сәтті бейімделуіне және жағымды психологиялық климат қалыптастыруға ықпал етті.