Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау IIM-нің ерекше бақылауында »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау IIM-нің ерекше бақылауында
01
қараша
2023

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау IIM-нің ерекше бақылауында

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді.