Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған психологиялық тренингтер өткізілді
19
қаңтар
2026

5-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған психологиялық тренингтер өткізілді

2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында 5-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңін қолдау мақсатында, мазасыздық деңгейін төмендету және сынып ұжымдарында психологиялық қолайлы ахуал қалыптастыру бағытында мектеп педагог-психологтары тарапынан тренингтік сабақтар өткізілді.

Тренингтер «Мазасыздықты басқаруды үйренеміз» және «Менің сезімдерім мен эмоцияларым» тақырыбында ұйымдастырылып, білім алушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға және өзара қолдауға негізделген жағымды психологиялық климат қалыптастыруға бағытталды.

Сабақтар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді. Тренинг барысында әңгімелесу, практикалық жаттығулар, тыныс алу техникалары және топтық қолдау элементтері қолданылды. Бұл тәсілдер оқушыларға өз эмоцияларын түсінуге, мазасыздықты жеңуге және сыныптастарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шаралар білім алушылардың мектептегі оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдетуге және олардың психологиялық саулығын нығайтуға ықпал етті.