ТОПТЫҚ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУ САБАҒЫ
ТОПТЫҚ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ДАМЫТУ САБАҒЫ
Психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс аясында 5–6-сынып оқушыларымен топтық коррекциялық-дамытушы сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қарым-қатынасты қалыптастыру, эмпатия дағдыларын дамыту, сынып ұжымының ұйымшылдығын арттыру, сондай-ақ агрессия мен мазасыздық деңгейін төмендету.
«Біз – біртұтас командамыз! Бір-бірімізді құрметтеуді және түсінуді үйренеміз»
тақырыбында ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар арасында жағымды өзара әрекеттесу, сенім, өзара көмек көрсету дағдылары қалыптастырылып, эмоционалдық интеллектіні дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
Аталған іс-шара сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға және оқушылар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.
