Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
05
қараша
2025

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Психологиялық қызмет аясында және «ДосболLIKE» жоспары негізінде бастауыш сынып оқушыларымен буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Психолог мамандар бастауыш сынып оқушылары арасында«Біз әртүрліміз – бірақ біз теңбіз» бағыты бойынша «Менің осындай болғаным қандай жақсы!» тақырыбында дәрістер, әңгімелесулер және медиаақпараттандыру жұмыстарын өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзіндік бағалауын арттыру, бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтей білуге үйрету, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында «Айырмашылықты сезіну» атты ойын ұйымдастырылып, балалар бір-бірінің даралығын түсінуге және қабылдауға мүмкіндік алды. Сабақ бойы оқушылардың жағымды эмоциялары, белсенділігі және өзара қолдауы байқалды.

Іс-шара нәтижесінде:
– әр адамның бірегей тұлға екені туралы маңызды ойлар жеткізілді;
достық пен толеранттылықтың маңыздылығы түсіндірілді;
– әр оқушы өзін еркін әрі сенімді сезіне алды.

Аталған жұмыстар бастауыш сынып оқушылары арасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын дамытуға бағытталған.