"Абайла, балақай!" »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абайла, балақай!"
30
қыркүйек
2020

"Абайла, балақай!"

Қыркүйек айында мектеп бойынша "Абайла, балақай!" акциясы жүргізілді.
11.09.2020 ж. Бастауыш сынып оқушылары арасында  реттелетін жол белгілерін сауатты оқып үйрету, жол белгілерінің    мәнін ашу, жол сызықтарының түрін оқып үйрену оларға  қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің    әрекетін,ойлау қабілетін жетілдіру,қорытынды жасай білу, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау. Жүргізуші ретінде айналасындағы  жүргізушілермен сыйластық қатынасқа баулу  мақсатында «Жол белгісі- өмірдің теңдігі» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұл жұмыста оқушылар жол белгілерінің көп кездесетін негізгі түрлерімен танысып, ақпарат алмасты. Барлығы 187 оқушы қатысты.
15.09.2020ж. 1-7  сынып оқушылар арасында көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіріп, оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту мақсатында "Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты тақырыбында түсіндірме сабағы өткізілді.   Барлығы 83 оқушы қатысты.
22.09.2020ж. 8 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу мақсатында «Жаяу жүргінші болу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар жаяу жүргінші ретінде нені білу керек? Ол өз құқықтарын біледі ме? Өз құқығын қорғай алады ма? деген негізгі сұрақтарға жауап бере отырып өткізілді. Барлығы 56 оқушы қатысты.
29.09.2020ж. 1-8 сынып оқушыларына жолда жүру ережесін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілері туралы блімідерін анықтау мақсатында «Жолда сақ бол, балақай!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Барлығы 346 оқушы қатысты.