11
қыркүйек
2020
Жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің алдын алу
Мектебімізде жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 7-11 сынып арасындағы оқушылармен 11.09.2021 жылы ДТІЖО Камзина Л.Б. мектеп инспекторы Абжапарова А.Т., психологтар Палимбетова Н., Құрманбай Ф. Медбике Жапсарбай А. және сынып жетекшілердің қатысуымен бірге Zoom бағдарламасымен «Жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды. Әр сала мамандары өз ойларын ортаға салып, оқушыларға барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді. Қыз балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында айына бір рет қыздар жиналысы өтеді. Жиналыста қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, инабаттылық, кішіпейілділік, тәртіп, қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар туралы айтылды.