12
желтоқсан
2025
"Даналық мектебі" клубы
«Әже даналығы» бағыты аясында 2 «Ә» сыныбымен «Эмоциялық жақындық: әже мен немере арасындағы байланыс» тақырыбында танымдық-тренингтік жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әже мен немере арасындағы рухани байланысты нығайту, өзара түсіністік пен сенімді арттыру, сондай-ақ отбасы ішіндегі эмоционалдық жылулықтың маңызын оқушыларға ұғындыру болды. Тренинг барысында оқушылар әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы туралы әңгімелер тыңдап, өз сезімдері мен ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Түрлі ойындар, жағдаяттық тапсырмалар және әңгімелесу арқылы бала мен әже арасындағы мейірім, қамқорлық және сыйластықтың отбасы бірлігін сақтаудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға үлкендерді құрметтеу, олардың ақыл-кеңесін тыңдау және отбасылық құндылықтарды бағалау мәдениеті қалыптастырылды. Тренинг нәтижесінде оқушылардың бойында әжеге деген сүйіспеншілік пен жақындық сезімі артып, отбасы ішіндегі эмоционалдық байланыс пен өзара түсіністік нығая түсті.