Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Даналық мектебі" клубы
19
қыркүйек
2025

"Даналық мектебі" клубы

«Ата өсиеті» бағыты аясында 3 «А» сыныбымен «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіру, туыстық байланыстың адам өміріндегі маңызын ұғындыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дағдыларын қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз отбасындағы ата-әже, ата-ана, бауырлар арасындағы қарым-қатынас туралы ойларымен бөлісті. Түрлі сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар мен әңгіме-дискуссиялар арқылы оқушыларға туыстық байланыс тек қанмен ғана емес, өзара сыйластық, қамқорлық және жауапкершілік арқылы нығаятыны түсіндірілді. Сонымен қатар ұлттық тәрбиедегі «ата өсиеті» ұғымының мәні ашылып, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдау – өмірлік маңызды құндылық екені атап өтілді. Сабақ соңында оқушылар отбасы – адамның ең басты байлығы екенін терең сезініп, өз отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттырды.