Қалалық семинар «Инклюзивті білім беру – баршаға тең мүмкіндік»
2025 жылдың 17 желтоқсанында «Инклюзивті білім беру – баршаға тең мүмкіндік» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға тең мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры С.Н. Айдарова құттықтау сөз сөйлеп, инклюзивті білім берудің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, білім беру ұйымдарында инклюзивті ортаны қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен озық тәжірибелері ұсынылды. Қатысушылар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, практикалық бағыттағы ұсыныстар берілді.
Қалалық семинарға білім беру ұйымдарының әдіскерлері, логопед-дефектологтар, педагогтер және психологтар қатысып, іс-шараның мазмұны мен практикалық маңыздылығын жоғары бағалады. Сонымен қатар семинар жұмысына Қалалық инклюзивті ресурстық орталықтың әдіскері Сапимов Нұржан Айдынұлы қатысып, инклюзивті білім беру бағытындағы кәсіби пікірлерімен бөлісті. 
