Нормативті-құқықтық құжаттар
№82 ЖББ мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарын құрастыру барысында төмендегідей нормативті-құқықтық құжаттар ескерілді:
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №382 бұйрығының 15-қосымшасы негізінде жасалған.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 жылғы 27 шілдедегі N 319);
-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы;
- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы құрастырған «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хаты;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген «Білім берудің барлық деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» (28.08.2020 жылғы №372 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Жұмыс оқу жоспарын құрастыруда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылдың 12 тамызындағы «Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін айқындау туралы» №363 бұйрығының жүзеге асырылуы қарастырылды.
-Санитарлық ережелер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығымен «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бекітілген (ҚР ӘМ 06.08.2021 ж. №23890 болып тіркелген)
Мектеп проблемасы:
Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтере отырып, білім алушылардың білім сапасын арттыру
Мектептің даму тақырыбы:
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда
жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану»
Оқыту мен тәрбие берудің мақсаты:
«Мұғалімдер арасында ынтымақтастықты күшейте отырып, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану жолдарын ұйымдастыру. Оқушылардың функционалды білім алуы үшін белсенді әдістер мен технологияларды мұғалімдердің тәжірибелеріне енгізу. Материалдық – техникалық базаны жетілдіру арқылы оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын жетілдіру»
2024-2025 оқу жылының міндеттері:
- «Білім туралы» Заң мен «Білім берудің» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жұмысты жалғастыру;
- Білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру: білім беру мазмұнын жаңарту, үштілді білім беру, инклюзивті білім беру, сондай-ақ педагогикалық білім беруді жаңғырту, ;
- Оқу үдерісінде Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін енгізу, озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және тарату үшін әдістемелік, ғылыми-тәжірибелік семинарлар, кеңестер өткізу;
- Оқушылардың функционалдық құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында оқытудың тиімді әдістері мен жаңа технологияларды қолданатын педагогтардың жұмыстарын тәжірибеге енгізу;
- Жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы педагогтардың жақсы тәжірибелерін жүйелі жарыққа шығару, олардың жаңашыл жұмыстарын жариялау;
- Педагогикалық жүйедегі барлық субьектілерді диагностикалау жұмыстарын жүзеге асыру;
- Оқу-тәрбие үрдісінде заманауи әдістер мен технологияларды енгізу жұмысын жандандыру, педагогтардың білім берудің жаңашыл технологияларын игеруіне жағдай жасау;
- Оқушылардың ББД көрсеткіштерін жоғарылатуды қамтамасыз ету;
- Жас мұғалімдердің білім-біліктілігін жетілдіру курстарынан, жаңа үлгідегі деңгейлі курстардан жүйелі түрде өткізуді, әдістемелік семинарларға қатысуларын басшылықты ұйымдастыру;
- Курстан өту уақыты біткен мұғалімдерді жаңартылған мазмұнда оқыту бойынша перспективалық жоспарға сәйкес кесте бойынша білім жетілдіру курстарына жіберу;
- Мектепішілік бақылау жұмыстарын сапалы жүргізу;
- Оқу кабинеттерінің жүйелендірілуін жетілдіру. Сертификатталған кабинеттердің санын арттыру;
- Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру, жүйелеу;
- Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқушының білім деңгейінің мониторингін анықтау;
- Инклюзивті сыныптар жұмысын жандандыру;
- Тәрбие берудің 8 бағытын талапқа сай орындау;
- «Алматы қаласы бойынша жалпы білім беруді дамыту стратегияларын жүзеге асыру және даярлау» жобасының жұмысын жүргізу.
- Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.
- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.
- Міндетті формативті бағалау.
- Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан) мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу.
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
- Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.
- «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру.
- Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру.
- Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.