Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық квест-семинар
27
қаңтар
2023

Қалалық квест-семинар

Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №178 МЛ-де қалалық квест семинар болып өтті. Квест-семинар «Зерттеу мәселесін қоямен күрделілігі жоғары есептерді шешу арқылы оқушылардың мотивациясын дамыту» тақырыбында болды. Мектебіміздің мұғалімдері қалалық квест семинарға қатысып, тәжірибе жинап қайтты.

Семинар жұмысының мақсаты: педагогтердің білім беру қызметінде квест технологияларды қолдануға дайындығын қалыптастыру.

Семинар жұмысының міндеттері: 

  • Семинар-практикумға қатысушыларға квест-технология туралы түсінік қалыстастыру;
  • Квест-технологияны қолдана отырып, білім беру қызметінде жобалау дағдыларын практикалық игеруге жәрдемдесу;
  • Сындарлы ойлау қабілетін дамыту;

Семинар жұмысын ұйымдастырушы: 

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы оқу-ісі жөніндегі бөлімнің физика-математика пәндерінің әдіскері – Жакыпова Назима Балапановна, химия-биология пәндері әдіскері Алимбекова Бибигуль Байсановна.