Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қағаздан ойыншық жасадық” ашық сабақ
23
қаңтар
2025

“Қағаздан ойыншық жасадық” ашық сабақ

⚜️Ашық сабақ ⚜️
 📝”Тілім барда тірімін мен, мәңгімін” деп аталатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес 2025 жылдың 22 қаңтар күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Татенова Г.М “Қағаздан ойыншық жасадық” тақырыбында 3 “Г” сыныбына ашық сабақ өткізді. 

⚜️Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Сабақта оқушыларға қызықты  тапсырмалар беріліп, кері байланыс алынды. Сыныптағы  оқушылар түгелдей қамтылды. Сабақ барысында АКТ, тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған тиімді стратегиялар қолданылды. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдылары жақсы қалыптасқан, пәнге деген қызығушылықтарын кері байланыспен көрсете білді. Сабақта алынған тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.