Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қолөнер шебері” ашық сабақ
24
қаңтар
2025

“Қолөнер шебері” ашық сабақ

⚜️Ашық сабақ ⚜️
 📝”Тілім барда тірімін мен, мәңгімін” деп аталатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес 2025 жылдың 24 қаңтар күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалыкеева А.Ғ “Қолөнер шебері” тақырыбында 3 “Б” сыныбына ашық сабақ өткізді. 

⚜️Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында “Мен қандаймын?” әдісі арқылы бір-біріне керемет көңіл-күй сыйлады. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, сабақтың мақсатын аша білді. “Киіз үй” бөлшектері арқылы оқушылар 3-топқа бөлініп белсенділік танытты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді соның ішінде жасанды интеллект қолданды. Сабақта алынған тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.Кері байланыс ретінде “Қоржынға” сабақтан алған білімдерін асықтармен жеткізді.