Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаңа жылда - жаңа жыр"
27
желтоқсан
2022

"Жаңа жылда - жаңа жыр"

Мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында "Жаңа жылда - жаңа жыр" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке қатысқан мектебіміздің барлық белсенді оқушыларына алғыс білдіреміз.

Қош келдің жаңа жыл! 

«Жаңа жылда – жаңа жыр»

Жүргізуші 1: 

Қош келдің жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр

Зәулім, биік шыршама,

Төгілсінші жаңа нұр. (Шыршаға жарық беріледі)


Жүргізуші 2:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
 Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
 Бірімізге-біріміз тілек тілеп,
 Бар әлемге бақытпен жар салайық!


Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар келіп жеткен жаңа жыл мерекесі құтты болсын!


Жүргізуші 1: 

Айша биыл қандай жыл екенін білесіңбе? Жыл иесі туралы халық арасында көптеген мәліметтер бар. Мен саған жыл иесі туралы жұмбақ жасырып, сұрақ қоямын. Ал, сен тауып көр. 

  • Ұзын құлақты,
  • Жылдам аяқты.
  • Сәбіз жейтін азығы,
  • Қашатындай жоқ жазығы?


Жүргізуші 2: 

Жауабы қоян. Бексұлтан сен қоянның құлағының не себепті ұзын болатынын білесің бе.....? Білмесең айтып берейін.

  • Ұзын құлақ қоянды жаздың аптап ыстығында қызып кетуден сақтайды. Сонымен қатар, қызықты бір мәлімет қоянның тістері өмір бойы өседі екен.


Жүргізуші 1: 

Айша мәліметтеріңе рахмет, шынымен де қызықты екен. Ендігі кезекте достарымызбен бірге бәріміз жыл иелерін ортаға шақырайық. 

Ұзын құлақ, ақ қоян!

Ұзын құлақ, ақ қоян! (музыка. Флешмоб билеп қояндар ортаға шығады)


Жүргізуші 2.

Айнала күміс қар,

Енді не тұрыс бар.

Ал кеттік балалар, 

Бітпеген жұмыс бар. 


Жүргізуші 1.

Айша бізге қандай жұмыс бар. Көңілді оқушылармен бірге біз бәрін жасауға дайынбыз. Солайма балалар!


Жүргізуші 2. Дайын болсақ бәріміз бірге Аяз ата мен Ақша қарды ортаға шақырайық.

Келді жылым бақытым,
 Кемелденді уақытым.
 Сәлем саған Аяз ата, жаңа жыл,
 Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.


Жүргізуші 1: 

Мына зәулім шыршаға қараңыздаршы. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз бен ақша қар да келіп қалар. Ол кісілерді шақыруға қояндарды жіберейік, себебі жылдам жүгіреді ғой. Ал, біз бәріміз бірге Аяз атамыз бен Ақша қарды дауыстап шақырайық

  • Аяз а-тааа, ке-лі-ңіз! 
  • Аяз а-тааа, ке-лі-ңіз! 


 Аяз ата: Аяулы ата-аналарға, ардақты ұл-қыздарға, мені сағына күткен бүлдіршін балаларға бір сәлем!


 Қандай жарқын жүздерің,
 Қандай әсем жырларың.
 Асулармен алысқан,
 Аталарың сендерге
 Шар-шап келді алыстан.


 2 Жүргізуші:
 Сыңғырлашы сырнайық,
 Жаңа жылды жырлайық.
 Шашбаулы қыз сырғалы,
 Ақша қарды тыңдайық.


 Ақша қар:
 Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағыныыып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен барыс жылына аман-есен саулық тілеп, келер Қоян жылымыз табысты, берекелі жыл болып, бірлік алып келсін деймін. 

  • Өткен жылға өкпе жоқ,
  • Жаңа жылдан үміт көп.


Жүргізуші 2: 

Айнала аппақ қар,

Қар деген тақпақ бар.

Кім зерек, кім алғыр,

Сол бұрын тақпақтар. 

Аяз атамыз бен Ақша қарымыз алыс жолдан шаршап келген екен. Ол кісілер оқушыларымыздың өнерін тамашалап демалсын.


Ендігі кезекті 8 сынып оқушыларының ойыны мен биіне береміз


Жүргізуші 1:

Жасайық ақ қала,

Ақ тонды, ақ бала.

Қолғабыс жасайық,

Қар үйіп баққа да.

Сіздердің қошеметтеріңізбен 9 сынып оқушыларын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз!


Жүргізуші 1: 

Айша екеміз халық арасында қоян туралы кең тараған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді айтып жарысайық! Ал, мен бастадым...

  • Асықпаған арбамен қоян алады;


Жүргізуші 2: 

  • Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді;


Жүргізуші 1: 

  • Мал жуасы қой, аң жуасы қоян;


Жүргізуші 2: 

  • Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді; 

Бексұлтан екеуміз айта берсек қоян жылы өтіп кететін сияқты. Оқушыларды көп күттірмей 10 сыныптың дайындаған өнеріне кезек берейік. 


Жүргізуші 1: 

Құрметті қонақтар, оқушылар Аяз атамыз бен Ақша қардың бізден бөлек тағы баратын жерлері бар екен. Сендер сияқты көптеген балалар күтіп отырған көрінеді. Аман-саулық тілеп қонақтарымызды шығарып салайық!


Жүргізуші 2: Ия, Бексұлтан дұрыс айтасың. Аяз ата мен Ақша қарға көөөп рахмет! Біздің оқушылар келесі жылға дейін сабақтарын жақсы оқып, өздеріңізді асыға күтетін болады.