Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орталық музейге саяхат
02
желтоқсан
2022

Орталық музейге саяхат

Мектебіміздің 4 “В” және 4 “Г” сыныптары Алматы қаласында орналасқан “Мемлекеттік орталық музейге” барып қайтты. Музей жайлы ақпараттар,  көрмелер және коллекциялармен танысып көптеген мәліметтер алды. Балаларымызға музей қатты ұнады.

Орталық мұражай тарихы:

     1925 жылы Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929 жылы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясында мұражайымен біріктіріліп, республикадағы іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан казіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған. Олар казірғі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар - ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939 жылы Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл "Қарғалы көмбесін" қазғанда б.з.б. 2 ғасыр,- б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген абыз әйелдің мүрдесімен бірге көмілген ерекше әсем 370 әшекейлік бұйым шықты. Сондай-ақ, мұражайда 1988 жылы (Алматыдан 250 км шығыста) Кеген аңғарындағы Жалаулы а-нан ежелгі сақтардың байырғы мекенінен табылған жәдігерліктер бар. Мұражайда сақталған Қазақстанда б.з.б. 7-3 ғасырларда өмір сүрген ежелгі көшпелілердің тұрмыс салтындағы ғұрыптық ыдыс-аяқтардың жиынтығы - сақ қазандары ТМД аумағындағы ең бай коллекция болып саналды. Мұражайдың археологиялық қорында 11-15 ғасырлардағы Қазақстанның ежелгі қалаларының материалдық мәдениетінен нақты мәлімет беретін заттар, түркі жауынгерлерінің қару-жарақтары, Ұлы жібек жолы арқылы жеткен шет ел тауарлары мол. Қазақстан жерінен табылған көне түркі (5 - 8 ) руханиятына қатысты тас мүсіндер, балбал тастар, ескерткіштер, т.б. жиынтығы мұражай қорында сақтаулы. Мұнда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мөдениетінің ескерткіштері, түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша, сырмақ, тұскиіз секілді этнографиялық мүліктер сақталған. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ зергерлерінің күмістен жасаған әшекейлік бұйымдары жинақталды. Мұражай қорында тері өндейтін зергерлердің көне төсілінен сыр шертегін шаруашьшық заттар (торсықкесеқапмесжағлан), ат әбзелдері (ер-тұрманжүгенөмілдірікқұйысқанқамшылар), әйел және ерлер аяқ киім (етікмәсікебіс) үлгілері бар. Киіз үй — көшпелілердің баспанасы болғандықтан мұражайда киіз үй және оның жабдықтары қойылған.Мұражай қорында Қазақстанның ежелгі тарихы мен елімізде өмір сүретін халықтардың тұрмыс-салтына қатысты суреттер, деректер, қол-жазбалар, шағатай, көне түркі, қазақ, араб, парсы, т.б. тілдердегі сирек кездесетін деректемелік материалдар көп. Құранхадисшежіре тәрізді көне жәдігерлер сақталған. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдеріне қатысты фото-суретті құжаттар бар. Сондай-ақ, Қазақстан қылқалам шеберлерінің туындылары да бар. Мұражай қоры тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындыларымен толықтырылған.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет