“Туға қарап бой түзе” »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Туға қарап бой түзе”
23
қараша
2022

“Туға қарап бой түзе”

Балалар жылы аясында №1 оқушылар үйінде өткен “Жас Ұлан, Жас Қыран” ББЖ ұйымының “Туға қарап бой түзе” атты аудандық ту ұстаушылар байқауына мектебіміздің “Жас Бүркіт” тобы қатысып, III орын иегері атанды.

"Жас Бүркіт" тобының мүшелері:
Исмаилова Алина
Абдраим Абай
Жарылқасын Нұрмұхаммед
Юсупходжаев Нұрсұлтан

Дайындаған: Арнайы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Саржанов Х.М
Аға тәлімгер:Қалыкеева А.Ғ


Ту туралы ақпарат

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Ту – бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ту – қасиет! Ту – әскерлердің ар намысы»! Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасындағы жиыннан кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.


1992 жылы 4-маусым – қазақ елінің тарих бетіне алтын әріптермен жазылатын елеулі күн. Дәл осы күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.

1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаев туға тағзым етті. 


Қазақстан жалауы

Авторы: Сұлтан Қалиев

Көк аспандай көкпеңбек
 Қазақстан жалауы.
 Көк емес ол тектен-тек –
 Елдің ашық қабағы.


 Ақ ниеті – алтын күн,
 Асқақ арман – қыраны.
 Жалауы бұл –
 Халқымның мәртебесі, туы, ары.
 
 Бұлт шалмасын күнімді,
 Тарылмасын өрісім.
 Биік ұстау туымды –
 Қасиетті борышым. 


Бірыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікке қалықтаған қаран ҚР-ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.