"Мен көшбасшымын" »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен көшбасшымын"
11
қараша
2022

"Мен көшбасшымын"

Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы

"Мен - көшбасшымын" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетына 11 сынып оқушысы Исмаилова Алина қатысып, сертификат иегері атанды.

Баяндама: 

«Оқушылардың өзін-өзі басқару өмірі мен қызметін ұйымдастыру формасы»

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№82 ЖББМ КММ

Мектеп парламенті президенті 

11 «Ә» сынып оқушысы: Исмаилова Алина

Жетекшісі: Белғожаев Ерасыл

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



№82 ЖББМ бойынша 2021-2022 оқу жылында өзін өзі басқару ұйымы құрылып, мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларын атқаруда. 

Әр фракция өзіне жүктелген міндеттерді өз дәрежесінде атқаруда. Мәселен, құқық және тәртіп фракциясы І және ІІ  тоқсанда «Бала құқығы – адам құқығы», «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» науқандарына белсене атсалысса, ақпарат фракциясы үнемі мектептің әлеуметтік желілеріне жауапты. Сонымен қатар басқа фракциялар да өз қызметтерін өз деңгейінде атқарып келеді.


  • «Жалған ақпараттардан сақ бол!»


Ғаламтордағы жалған әңгімелерге үндейтін ақпарат көздерінің салдарынан өзге мемлекеттен ілім іздеп, жалған ақпараттарға, өтірікке уланған қаншама жас жапа шегуде. Бұл кейінгі буынның мәдениетімізден, ділімізден безінуіне әкеп соқтыратыны сөзсіз. Жалпы айтқанда, кейбір теріс әңгімелердің, мәтіндердің дұрыс түсіндірілмей, теріс бұрмаланып жеткізілуі қоғам арасында түрлі алауыздыққа шақырады деп айтуға болады. Соның салдарынан келіспеушілік, арандатушылық туып, соңы өкінішті жағдайға әкеліп соқтырады.


  • «Сыртқы тәртіпсіздік - адамның ішкі кемшілігі»


Кемшіліксіз адам болмайды. Кемшілікті түзету арқылы ғана жоюға болады. Әр адам өз кемшілігін бірінші өзі білу қажет. Содан кейін жалқаулыққа салынбай, нәпсінің жетегінде кетпей үздіксіз кемшілігін түзетумен айналысса, кемшілік атаулы бойынан ада болады.

Осы жерде Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың өлеңі ойға оралады. 

  • Біреудің мінін көргенше,
  • Жамандығын тергенше.
  • Өз ойыңды мазалап,
  • Өз бойыңды тазалап,
  • Өзіңмен алыс өлгенше!


  • «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кеш


Мақсаты: Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. 

 

  • «Артық білім кітапта»


Пайда ойлама, ар ойла,
 Талап қыл артық білуге.
 Артық білім кітапта,
 Ерінбей оқып көруге – деп, Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай артық білім кітапта. 

Қазір кей жастар кітап оқымайды. Бұған себеп бәрін интернеттен білгісі келеді және кітап оқуды машақат санайды. Жастар интернетте керек мәлімет толық деп қабылдайды. Ішінде бәрі бар, бірақ шашылып жатқан қойманы елестетейік. Бір затты табу үшін көптеген қоқыстарға кезігесің. Интернет те дәл сондай, мәліметті сұрыптап алу қиын, толған қоқыс. 

Жастар кітап оқуды қиыншылық деп санайды. Бір нәрсе алғанның орнына, алтындай уақытын беріп жатқандай. Еш қиындатпай бірнеше беттен оқып, кітапты дос тұтуға болады. Арине, бәріне оң көзбен қарау керек. Дұрыс қолдана білсең интернеттің де берері көп. Бірақ, артық білім кітапта.


  • «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» челленджі


«Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» қашықтықтан өткізілетін челленджі арқылы Алматы қаласы, Алатау ауданы бойынша білім беру ұйымдарындағы «Мектеп Парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру негізінде өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы мақсатында өткізілді. 


  • «Арулар – асыл жандар»

Мақсаты: Халқымыздағы әйел затын сыйлау, құрметтеу қасиетін оқушылардың бойына сіңіру.


  • «Тұлға болам» 

«Шұғыла» қайырымдылық қорының қолдауымен, «Дария Дамыту орталығының» ұйымдастыруымен, «Тұлға болам» республикалық кітап оқу жарысы тұрақты түрде өтіп отырады. Онлайн конференция барысында оқушыларға «Тұлға болам» атты жарыс өткендігі, алдағы уақытта жалғасын табатындығы туралы мәліметтер берілді. Жиналыс соңында МП ақпарат фракция басшысына жарыс туралы мәліметтерді әлеуметтік желі арқылы таратуға тапсырма берілді. Тапсырмалар өз уақытылы орындалды. Әлеуметтік желі арқылы 258 адам мәліметтермен танысты. 

  • «Сұр мерген» садақ ату жарысы

Мақсаты: Оқушылардың өмірлік нысанасын (мақсатын) нақты қоюына және шыдамдылыққа тәрбиелейді. 

Осы мақсатта мамыр айының 12-сі күні «Мектеп парламенті» ұйымының мүшелері және «Тұлға болам» кітап оқу сайысының қатысушылары арасында садақ атудан «Сұр мерген» жарысы ұйымдастырылды.