«Ел жастары – мәдениет бастауы» »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ел жастары – мәдениет бастауы»
27
қазан
2020

«Ел жастары – мәдениет бастауы»

Аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың 27 қазан күні Алатау ауданы №82 ЖББМ әкімшілігінің ұйымдастыруымен «ЕЛ  ЖАСТАРЫ» балалар мен жастарды тәрбиелеудің Алматы аймақтық бағдарламасы аясында «Ел жастары – мәдениет бастауы» тақырыбында аудандық семинар онлайн түрде өткізілді. Семинарға Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смағұлова Алия Белгібайқызы және Алатау ауданының білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. 
Семинар барысында І саты 1-4 сынып аралығынан 3 «А» сынып жетекшісі Кожаханова Ұ.М. «Адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері» тақырыбында сынып сағатын өткізді. ІІ саты 5-8 сынып аралығынан 5 «Ә» сынып жетекшісі Маусымбаева Н.А. «Адалдық пен абырой» тақырыбында сынып сағатын онлайн ұйымдастырды. ІІІ саты 9-11 сынып аралығынан 10 «Б» сынып жетекшісі Шаяхметова Ж.Д. «Мы часть природы, планета своими руками» тақырыбында өткізді.