13
қазан
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу
"Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы"
Абу Насыр Әл-Фараби"
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 10-11 сынып оқушыларымен жиналыс болып өтті. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камзина Лайла Бақытжанқызы өткізді.
Жиналыс кезінде ақша бопсаламау, білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына алып келуге тыйым салынған (темекі, электрондық темекі), пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі және оқушылардың сыртқы келбеті мен сабаққа уақытылы қатысуына байланысты тақырыптар қозғалды.