"Әр өлеңі - бір әлем" »
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №82»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Бухгалтерия
+7(727) 247 41 93
Версия для
слабовидящих
» » "Әр өлеңі - бір әлем"
09
февраль
2022

"Әр өлеңі - бір әлем"

Әр өлеңі – бір әлем

«Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын» – деп, жырлаған ақын Мұқағали Мақатаевтің туғанына биыл 91 жыл. Мұқағали жастайынан әдеби шығармаларды сүйіп оқып, 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. Нарынқолдағы орта мектеп интернатында білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, шет тілдер институтында, кейіннен ҚазМУ-дың заң факультетінде оқиды.



Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Біз үшін ақын өлеңдері сарқылмас мұра. Мұқағали өз заманының лайық бағасын ала алмаса да, қазіргі буын үшін ақиық ақын, лирик ақын, мұзбалақ ақын деген атаулармен мәртебесі биік тұрады. Ақын жырлары поэзияға жақын әр адамның жүрегінен орын алатыны сөзсіз. Алматы қаласы, Алатау ауданы, №82 ЖББМ-тің кітапхана меңгерушісі Бибигуль Қайырулловнаның ұйымдастыруымен «Әр өлеңі – бір әлем» атты мектепішілік байқау өтті. Байқауға мектебімізден 11 ұстаз қатысты.
Асқақ өнер иесі, ақын Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін аса шеберлікпен оқып, өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді көркем жеткізе білген үміткерлер Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Медербекқызы және мектеп директоры Асем Сайлаубекқызының мақтау грамотасымен марапатталды. Жоғары деңгейде өткен жыр додасында өлеңді мәнерлеп оқу ерекшелігімен мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоғжан Берікқызы бас жүлде иегері атанды.
Басқа да қатысушылар белсенді қатысқаны үшін арнайы мадақтамамен марапатталды. Хорошийның аты, ғалымның хаты өлмейді демекші, ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы, қараңғы түнде жол сілтеген жарық жұлдыздай жарқырап тұрады. Мұқағалидай алып тұлғасы бар біздің халық шынымен де бақытты. Ақынның әр өлеңі – бір төбе, әр өлеңі – бір әлем.
Ерасыл Мұратханұлы БЕЛҒОЖАЕВ.
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Әсел Ерболатқызы ЕРҒАЛИЕВА,

аға тәлімгер