Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым!
Мектебімізде «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты жыр мүшәйрасы болды. Оқушылар тәуелсіздік туралы ақын өлеңдерін жатқа айтты. Жүлделі орын алған жүлдегерлер марапатталды. 9 «А» сынып оқушысы Еркен Турсунай І орын иегері атанып, аудандық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Қазықбаева Г.М.
Бүгінде ерлік қылған Қайраттар кім?
Уақыт өтіп барады кеше, бүгін,
Беймәлім қай амалмен кететінің.
Қалайша мазаламай жүр сені әлі,
Жастық шақтан сұралып өтетінің.
Бұл жастық шақ әртүрлі қонады екен,
Пенде шіркін өмірге қонақ екен.
Ер жастардың ерлігін еске салып,
Болашаққа сый қылып ала кетем.
Есіңдеме, декабрьның жауһарлары,
Ләззат пен Сабирадай гаухарлары.
Он екіде бір гүлі ашылмастан,
Жанын берді орындалсын деп ұлт арманы.
Есіңдеме, декабрьның арыстары,
Ербол мен Қайратымдай арыстаны.
Жастық шағын ел құрбан қылған,
Бар күнәсі ел үшін алысқаны.
Босқа өтпепті боздақтардың жастық шағы,
Осы емеспа шынайы өмір мәні.
Қуат алып сөнбес иман нұрыменен,
Қарсы тұрған патшаға тас құрсаулы.
Мың алғыс ерлігіне Ләззаттардың,
Бүгінде ерлік қылған Ләззаттар кім?
Азаматтық некемен жатқа кетіп,
Қанын лайлап жатқан жоқпа қазақтардың.
Мың алғыс ерлігіне Қайраттардың,
Бүгінде ерлік қылған Қайраттар кім?
Жастық шағын өткізіп бос әуремен,
Жоғалтып алғандай бар айбаттарын.
Қуандырып келгенде жастар жылы,
Естілмейді жастардың қосқан үні.
Тәуелсіздік баға жетпес қазынам деп,
Болдыма шын жүректен айтқан күні.
Әрине, мақтанамыз,
Әліде талай ұрпақ, талай жыл айтар алғыс.
Тәуелсіздік сыйына разы болып,
Рухыңа тағзым етіп қайтарамыз.
Белғожаев Е.М.