Адам ағзасына балықтың пайдасы »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Адам ағзасына балықтың пайдасы
19
қыркүйек
2022

Адам ағзасына балықтың пайдасы

Балық – көптеген адамдардың ең сүйікті тағамдарының бірі. Адамдар оны кез келген түрінде жей береді. Және ол қайнатылған, қуырылған, буланған немесе тұздалған, маринадталған, ысталған, тіпті шикі балық болсын, өзінің ерекше дәміне байланысты кез-келген адамның көңілінен шығып, тәбетін ашады.
     Ет тұтынатындарға қарағанда балық жейтіндер көп. Өйткені тіпті, ет жемейтін кейбір адамдар балықтың артықшылығы оның етінің құрамында екенін біле отырып, балық жейді. Оның құрамында A, D, E дәрумендері мен кальций, йод, темір, магний, фосфор, селен, мырыш бар. Тауық еті секілді балықтың құрамында да адам ағзасы жақсы сіңіретін өте жоғары, сапалы ақуыз бар. Ол, өз кезегінде, ағзаға қажетті барлық аминқышқылдары қамтиды. Балықтың пайдасы:
  • ағза жоғары сапалы ақуызға қанығады;
  • қан ұю функциясы қалыпқа келеді;
  • қандағы холестеринді төмендетеді;
  • қалқанша безінің функциясының қалыпқа келтіріп және оның ауруларының алдын алады;
  • көру қабілетін жақсартады;
  • жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, жадты, ұйқыны жақсартады және тітіркенуді азайтады;
  • өмір сүру ұзақтығын арттырады;
  • тері, шаш, тырнақ, сүйек пен тістің жағдайын жақсартады;
  • зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
  • жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтуға ықпал етеді.