Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі
Балалардың күнделікті тамақтану рационында ет, сүт, сары май мен өсімдік майы, қара бидай наны және (немесе) бидай наны, көкөніс және қант болуы тиіс. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе және құс еті рационға күнтізбелік екі-жеті күнде бір рет қосылады. 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылатын тағамдар порциясының граммдағы мөлшері: бірінші тамақ – 200-250 грамм; екінші тамақ: гарнир – 100-150 грамм, ет, котлет, балық, құс еті – 80-150 грамм, көкөністен, жұмыртқадан, сүзбеден, еттен