Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мен мектепке барамын” атты ашық есік күні
16
мамыр
2025

“Мен мектепке барамын” атты ашық есік күні

16 мамыр күні  Алатау ауданы білім бөліміне қарасты МКҚМ №31 бөбекжай-балабақшасының әдіскері Еспулова Алмагуль Қуанышқановна бастаған тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері №82 ЖББ мектепке “Мен мектепке барамын” атты ашық есік күніне келді. №82 мектеп ұжымы №31 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілерін жылы қарсы алып, пәндік  кабинеттер информатика, химия кабинеттері, кітапхана және мектеп асханасымен таныстырып өтті. №31 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілеріне кездесу өте қызықты тартымды өтті.№31 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілеріне кездесу концерттік бағдарламамен жалғасты. №82 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының дайындаған әндері мен билерін тамашалады. 
Сонымен, қатар бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері арнайы дайындаған қолдан жасаған сыйлықтары мен ән шашуларын тарту етті.