Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"TURKESTAN FEST"
18
сәуір
2023
"TURKESTAN FEST"
Мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Насипқали Айтолқын Түркістан қаласында "Алаш өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "TURKESTAN FEST" көпжанрлы өнер байқауында "аспапта ойнау" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарынымен көзге түсіп, "Бас жүлде" иегері атанды. Айтолқын Туркия елінің Стамбул қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама алды. Сынып жетекшісі: Қазықбаева Г.М.
"TURKESTAN FEST"
18
сәуір
2023
"TURKESTAN FEST"
Мектебіміздің 8 "А" сынып оқушысы Насипқали Айгерім Түркістан қаласында "Алаш өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "TURKESTAN FEST" көпжанрлы өнер байқауында "аспапта ойнау" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарынымен көзге түсіп, "Бас жүлде" иегері атанды. Айгерім, Туркия елінің Стамбул қаласында өтетін келесі кезеңге жолдама алды. Халықаралық деңгейде елімізге олжамен оралуыңа тілектеспіз. Сынып жетекшісі: Адилова Қ.А.
"Алтын қазына"
14
сәуір
2023
"Алтын қазына"
"Алтын қазына" қалалық көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы көрме-байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Жақсыбай Жандос марапатталады.
"Тіл білгірі - 2023"
12
сәуір
2023
"Тіл білгірі - 2023"
     Алматы Менеджмент университеті Тілдер орталығының ұйымдастыруымен өткен "Тіл білгірі - 2023" зияткерлік - тілдік байқауына мектебіміздің 11 сынып оқушылары: Белялова Бахытгуль, Рсназарова Жулдыз және Шабаз Мадияр қатысты. Байқау нәтижесі бойынша "LANGKEYS" тобы "Ең белсенді байқау қатысушылары", "Көпшілік алдында сөйлеуде ерекше стилі бар тіл білгірі" номинацияларымен марапатталды. Жетекшілері: - Джанталиева М.О. - Чабан С.А. - Белғожаев Е.М.
"Хореография" бойынша үздік өнер көрсеткен Ерболқызы Меруерт марапатталды.
10
сәуір
2023
"Хореография" бойынша үздік өнер көрсеткен Ерболқызы Меруерт
Халықаралық "Өз елім" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық фестивал байқауына белсене қатысып, "Хореография" аталымы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Ерболқызы Меруерт марапатталды. 
"QOSALQA" агенттігінің ұжымынан алғыс хат
07
сәуір
2023
"QOSALQA" агенттігінің ұжымынан алғыс хат
"QOSALQA" агенттігі мектебіміздің 3 "А" сынып оқышысы Бақытжан Айғанымға балалар мен жасөспірімдерге арналған "Әлем елдеріне саяхат" атты телевизиялық бағдарламаға қатысып, тамаша өнерімен тәнті еткені үшін өз алғыстарын білдірді.  "QOSALQA" агенттігі мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Басканбаева Гулимай Мейрхановнаға шәкіртінің жетістігі үшін алғыс білдірді.
"Наурызым - нұрлы ырысым"
06
сәуір
2023
"Наурызым - нұрлы ырысым"
"Наурызым - нұрлы ырысым" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша Аймахан Жанайым бас жүлде иегері атанды.
"Шуақты көктем" онлайн сайысы өз мәресіне жетті
05
сәуір
2023
"Шуақты көктем" онлайн сайысы өз мәресіне жетті
"Өрлеу Қазақстан" қоғамдық қоры 05.03 - 25.04.2023 жыл аралығында республикалық балалар арасында өткізілген  "Шуақты көктем" онлайн сайысына мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 4 Ә сынып оқушысы Асылхан Ұлболсын Талғатқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Ассоциация Школьных Общественных Организаций
03
сәуір
2023
Ассоциация Школьных Общественных Организаций
Наурыз Весна возрождение! XXII Международный конкурс детского творчества Диплом Награждается За занятое І место Жаксыбек Жандос Руководитель: Усенов Б.Т.  
"Айналайын"
30
наурыз
2023
"Айналайын"
“Айналайын” қалалық фестивалінің аудандық кезеңінде жүлделі II орын алғаны үшін мектебіміздің 6 “В” сынып оқушысы Ким Эмилия марапатталды. Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Джумабаева М.М.