19
наурыз
2026
ЖАҢА ЗАМАН КІТАПХАНАШЫСЫ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ
Алматы қаласы, Алатау ауданы кітапханашыларының ұйымдастырумен №213 жалпы білім беретін мектепте «Жаңа заман кітапханашысы және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар қонақтары: Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасының директоры А.Ш Сайдембаева, Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми - әдістемелік орталығының әдіскері Асель Казбекқызы. Семинардың алғашқы сөзін Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Акмурзаева Қарлығаш Медербековна кітапхана – тек кітап сақтайтын орын ғана емес, ол – ұлттың мәдениеті мен тарихын дәріптейтін, жас ұрпақты тәрбиелейтін қасиетті орда екенін және кітапханашылардың еңбектерінің әрдайым еленіп, қолдау таба беретінін айтып шынайы алғысын білдірді.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді ортаға салды. Әсіресе, жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру жолдары ерекше назар аудартты.
Бұл семинар кітапханашылардың кәсіби дамуына үлкен серпін беріп, заман талабына сай жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетті.