Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ас-адамның арқауы”
31
қаңтар
2025

“Ас-адамның арқауы”

⚜️Ашық сабақ ⚜️

 📝”Тілім барда тірімін мен, мәңгімін” деп аталатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі жоспарына сәйкес 2025 жылдың 22 қаңтар күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хожа Умит-Максут “Ас-адамның арқауы” тақырыбында 5 “Б” сыныбына ашық сабақ өткізді. 

⚜️Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, сабақтың мақсатын аша білді. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жасалған тапсырмаларға оқушылар белсенді жауап беріп отырды. Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді түрлі деңгейде қолданды. Сабақта алынған тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Кері байланыс ретінде “Торсық” әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін жеткізе білді