«АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА: СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЕГІЗДЕРІ» ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ .
«АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА: СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЕГІЗДЕРІ» ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ
2025 жылғы 17 қарашада КММ №82 жалпы білім беретін мектеп Алматы қаласы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданының орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Ата-ана және бала: сенімді қарым-қатынас негіздері» атты тәжірибелік алаң өткізілді.
Іс-шараны мектеп психологтары Куртыбаева Б.С. мен Палимбетова Н.О. жүргізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында ата-ана мен бала тәрбиесіндегі сенім, ашық диалог, эмоциялық қолдау тақырыптары жан-жақты талқыланды.
Семинардың басты түйіндері: Баланың ішкі әлемін тыңдай білу; Эмоциясын дұрыс қабылдау; Жылы әрі қолдаушы ата-ана қатынасы; Сенімге негізделген тәрбие мәні. Тәжірибелік алаң барысында қатысушыларға ата-анамен тиімді байланыс орнатуға көмектесетін құнды ақпараттар мен практикалық кеңестер ұсынылды.
Сенім – жанұядағы ең мықты кепіл. Баламен сенімді және қолдаушы қарым-қатынас орнату оның психологиялық дамуы мен тұлғалық өсуіне айрықша әсер етеді.
