Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ «БУЛЛИНГПЕН КҮРЕСТЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ»
11
қыркүйек
2025

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ «БУЛЛИНГПЕН КҮРЕСТЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ»

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ «БУЛЛИНГПЕН КҮРЕСТЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ»

Мектеп психологтары Куртыбаева Б.С. мен Палимбетова Н.О. балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында ата-аналарға арналған тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаттары:
– буллинг мәселесінің баланың психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін әсерінің маңыздылығын түсіндіру;
– ата-аналарды буллингтің түрлері мен белгілерімен таныстыру (психологиялық, физикалық, әлеуметтік және кибербуллинг);
– баланың мінез-құлқы мен дүниетанымын қалыптастырудағы отбасының рөлін көрсету.

Тренинг барысында буллингтің жай ғана жанжал емес, баланың болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселе екені атап өтілді. Бұл мәселенің алдын алуда мектеп пен ата-ананың бірлескен әрекетінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.

Ата-аналар буллинг белгілері, дұрыс әрекет ету тәсілдері, көмекке жүгіну жолдары және отбасында сенімді, қолдаушы атмосфера қалыптастыру туралы жан-жақты ақпарат алды.

Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.