13
ақпан
2025
«Ауғанның отты жалыны»
2024 жылдың 13 ақпан күні №82 жалпы білім беретін мектепте Ауған соғысының 36 жылдығына орай «Ауғанның отты жалыны» атты тақырыпта Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
🔰Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
🇰🇿Мектеп директоры Енсепбаева Сабиля Мырзашевна оқушыларды құттықтап, шараға келген қонақтарға алғыс білдірді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері:
1. Полковник Капаков Сарсен
2. Сержант Асанбаев Жантайбай
3. Подполковник Матнаев Айдар Аділбаевич қатысты
🔰Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды және жанды дауыста Ауған соғысы жайында патриоттық әскери әндермен шашу шашты.
Мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Камзина Л.Б, Жекенов М.Е және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Исин С.К жастар үшін маңызы зор, тағылымы мол шараны ұйымдастырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етті.