Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау
02
желтоқсан
2024

Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау

⚜️№82 жалпы білім беретін мектепте 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында бейбіт өмірдің қамқор Отан - ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас жеткіншектерімізді Республикалық Бірыңғай
«Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы  1-сынып оқушыларын “Жас Қыран”, 5-сынып оқушыларын “Жас Ұлан” қатарына 
қабылдау жиыны өткізілді.

🔰Сценарий бойынша алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, подколковник Исин Саят Каиргалиевич сап түзеткізіп Мемлекеттік ту мен ортаға маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды. Оқушылардың «Ант» қабылдау сәті де бір ерекше көңіл-күймен өтті. Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп әкімшіліге мен мұғалімдері бірлесе отырып тағуы - бұл да бір есте қаларлық көрініс болды.

🔰Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, мектебіміздің директоры Енсепбаева Сабиля Мырзашевна сөз алып, оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі, ақылды азамат болыңдар деген тілегін жеткізді. Қарулы күштерінің ардагері, майор Жанаев Айдар Молдабекович өз құттықтауын айтып, барша жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Жалпы аталмыш іс-шара оқушылар үшін ұмытылмастай әсер қалдырып, жоғары қарқынмен атқарылып өткізілді. 
Бұл игі шараға жауапты: мектеп тәлімгері Қалыкеева Ажар Ғазизқызы