Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Болашақ бизнес көшбасшысы" (Стартап-форум)
24
желтоқсан
2022

"Болашақ бизнес көшбасшысы" (Стартап-форум)

"Алматы дарыны" орталығының ұйымдастыруымен "Satbayev" университетінде "Болашақ бизнес көшбасшысы" тақырыбында стартап-форум болып өтті. Форумда мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Бейсенғали Арай "Эко-аллея" - экология бағыты бойынша "Шөл далада өсуге бейімделген тораңғы терегін көбейту әдістері" тақырыбында жоба ұсынды.

Тораңғы ағашы өңірлерді толықтай құмды далаға айналып кетуінен сақтап тұрған негізгі биологиялық нысан. Жағалаулардың су алуын болдырмауда, өнеркәсіп орталықтарын және елді мекендерді көгалдандыруда қолданылады.

Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі - Белғожаев Ерасыл Мұратханұлы