Театр! Театр! »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Театр! Театр!
16
қазан
2022

Театр! Театр!

"Балалар және театр" ағартушылық жобасы бойынша мектеп ұжымы және оқушылары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрына барып қайтты. 

Театр ережесін білесіз бе?
 
Театр - өзіндік әдептері бар мәдени орын. Қоғамдық орында өзімізді ұстау, басқаларға деген құрмет.
 
✔ Театрға 5-10 минут ерте келгеніңіз абзал. Киіміңізді гардеробқа өткізіп, өз орныңызға жайғасыңыз. Кешіккен жағдайда бақылаушы көрсеткен орынға отыру қажет. Қойылымға соңғы келетін көрермен сіз болмауға тырысыңыз.
 
✔ Театрға әйелдер ұзын көйлек, ерлер смокинг кию міндетті емес. Дегенмен, мәдени ортада классикалық үлгімен киінгеніңіз жөн.
 
✔ Өз орныңызға өткенде көрерменге жүзіңізді беріп өтіңіз. Кешірім сұрауды да ұмыт қалдырмаңыз.
 
✔ Залда жақын адамдардың басын түйістіріп отыруына болмайды. Себебі, арттағы көрерменге кедергі келтіресіз.
 
✔ Қойылым барысында телефонның дыбыссыз режимге қойылғанын қадағалаңыз. Актерлардың ойын бөлмеуге тырысыңыз.
 
Соңында сіздер үшін жанын берген әртістерге қошемет білдіруді ұмытпаңыз. Театр - киім ілгіштен басталады, қошеметпен аяқталады.