"Сейсможаттығу - қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру сабағы өтті.
“Сейсможаттығу – қауіпсіздік” тақырыбында түсіндіру сабағы өтті. ЖазLife лагерь оқушыларына төтенше жағдайлар кезінде, әсіресе жер сілкінісі болғанда қалай дұрыс әрекет ету керектігі түсіндірілді 🌍 Сабақ барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, өздерін қалай қорғау керектігін үйренді. Сонымен қатар, практикалық мысалдар арқылы білімдерін бекітті 🚨 Мұндай сабақтар оқушылардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, кез келген жағдайға дайын болуына көмектеседі 💪