Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының қатысуымен түсіндіру
Мектебімізде төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Мамандар өмірлік маңызды ақпараттармен бөлісіп, түрлі жағдайларда өз-өзін қалай қорғау керектігін көрсетті. Осындай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.