Мектеп президентін ұлықтау (инагурация) »
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №82»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Бухгалтерия
+7(727) 247 41 93
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп президентін ұлықтау (инагурация)
27
октябрь
2023

Мектеп президентін ұлықтау (инагурация)

🟩 Мектеп парламенті ұйымы әр баланың тұлғалық дамуы үшін жұмыс жасайды. Ұйымда мектебіміздің белсенді оқушылары көп. Жақында өткен сайлау нәтижесі бойынша Абдували Али - 51,7% дауыс жинап "Мектеп Парламенті" ұйымының президенті атанған болатын. Жиналыс барысында Абдували Али МП президенті екендігі таныстырылып, фракциялардың басшылары тағайындалды.

🟩 Абдували Али - 9 "А" сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі - Адилова Қарлығаш Абайқызы.

🟩 Али - мектебіміздің белсенді оқушыларының бірі. Осы уақытқа дейін түрлі сахналық қойлымдарға, дебат ойындарына, хорға және "Лучший спикер", "Жас инспекторлар қозғалысы" жобаларына қатысып, телевидинияларға шығып, үздіктер қатарынан көрінді. Бос уақытында мектебіміздегі түрлі іс-шараларға қатысып, спортпен айналысады.

🟩 Алдағы уақытта ұйым мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тілейміз. Ауызбіршілікпен жұмыс жасап, пайдалы жобаларды жоғары деңгейде атқарып жүре беріңіздер.