№82ЖББМ бойынша Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық «Біз болашаққа жауаптымыз» апталығы
2021 жылдың 26-30 апрель күндер аралығында №82 ЖББМ бойынша жалпыреспубликалық «Біз болашаққа жауаптымыз» апталығы ұйымдастырылды.
26.04.2021 Зум платформасында Экология апталығының салтанатты ашылуы өтті. Жалпы ашылуға 238 оқушы қатысты.
27.04.2021 «Біздің үйдің жануарлары» oнлайн сурет көрмесі 1-4 аралығынан 24 жұмыс қатыстырылды. Сонымен қатар, онлайн түрде «Экологиялық ребус» 1-11 аралығында 236 оқушыға ұйымдастырылды. Мектептің әлеуметтік желілерінде «Жер-біздің ортақ үйіміз» бейнеролигі көрсетілді.
28.04.2021 «Қалдықтардан қолөнер бұйымдарын жасау» oнлайн шеберлік сабағы ұйымдастырылды. 836 оқушы қамтылды.
29.04.2021 «Менің қаламның болашағы» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасынан 7 жоба онлайн түрде қорғалды.
30.04.2021 Үй ауласын абаттандыру, ата-аналарға домауласын тазартуда көмек көрсетілді. Сонымен қатар экология апталығының жабылуы өтті.