01
қыркүйек
2022
Тамақтану гигиенасы
Адамға көптеген ауру қоздыратын микробтар тазартылмаған көкөніс, жеміс-жидек, су, шикі піскен тағам түрлерінен жұғады. Сол үшін үйде ас әзірлейтін аналардың әсіресе, тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтіндері мұқият болғаны абзал. Тамақтан улануға себеп болатын бактериялардың басты тасымалдаушысы-адамның өзі. Адамның аузы-мұрны, қолы, терісі, ішегі бактерияларға толы. Ас үйдегі тағам қалдықтарын тастайтын ыдыс та микробтың нағыз ұясы. Жабық ыдыста сақталмаған, дер кезінде төгілмеген тағам қалдықтарына шыбын қонып, тарақан аралап, азық-түлікті ластауы, яғни жұқтыруы заңды. Азық-түлікке микроб жұқпас үшін мынадай жайттарға мұқият болған жөн:
1) Қол жуу;
2) Мұрын тазалығы;
3) Тырнақты қысқарту;
4) Дәрет сындырған соң қолды жуу;
5) Азық-түлікті арнаулы жабық ыдыстарда сақтау;
1) Қол жуу;
2) Мұрын тазалығы;
3) Тырнақты қысқарту;
4) Дәрет сындырған соң қолды жуу;
5) Азық-түлікті арнаулы жабық ыдыстарда сақтау;