Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ұстаздар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.
10
ақпан
2026

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ұстаздар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.

«Жырлайды жүрек...»
Мектебімізде қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты ұстаздар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.
✨ Кештің басты мақсаты:
Ақынның сырлы жырларын ұстаздар арасында насихаттау;
Өскелең ұрпақты адамгершілікке, Отанға және Анаға деген шексіз махаббатқа тәрбиелеу;
Мұғалімдердің сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін шыңдау.
Мұқағали жырларымен сусындаған кеште ұстаздарымыз ақынның рухты да, мұңды да өлеңдерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
🏆 Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
Төрешілердің шешімімен үздік шыққан ұстаздарымызды құттықтаймыз:
🥇 1-орын: Қоқымбай Әсел (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)
🥈 2-орын: Үміт Мақсұт-Қожа, Атамбекова Азиза
🥉 3-орын: Азизова Тамара, Уткелбаева Майнур, Аятова Құлпынай, Қадірбек Санэль.
Поэзия – жай ғана сөз емес, ол – жанның сәулесі. Өнер додасында бақ сынап, оқырманға рухани азық сыйлаған барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

Мұқағали мұрасы – мәңгілік қазына! 📚

Похожие публикации: