09
желтоқсан
2025
Жас мамандар арасында «Алғашқы қадам – сенімді бастама» тақырыбында іс-шара.
Мектебімізде Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрқасымова Ж.М.-ның ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Алғашқы қадам – сенімді бастама» тақырыбында педагогикалық кафе (педкафе) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды. Педкафе барысында жас мамандар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, педагогикалық қызметтегі алғашқы қадамдары, кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Шара еркін әрі жылы атмосферада өтіп, қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе мен кәсіби мотивация сыйлады. Осындай іс-шаралар жас мамандардың өз мамандығына деген сенімін арттырып, ұжыммен тығыз байланыс орнатуына ықпал етеді. 
